Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиналысқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссияның отырысында 5 мәселе қаралды. Атап айтсақ, аудан аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аса жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, азаматтық қорғаудың құлақтандыру, байланыс жүйесімен халықты хабарландыру, суға шомылу маусымы мен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан аумағында 2023 жылдың басынан жергілікті орман шаруашылығы жерлерінде 1 өрт оқиғасы тіркелген. Ауылдық округ әкімдіктеріне қарасты 4 өрт жағдайы орын алған.
Өрт оқиғасы орын алғанда хабарласу схемасы бекітілген, соған сәйкес ақпарат алмасу алгоритмі жұмыс жасайды. Жазғы өрт қауіпті кезеңде ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркімен орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі орман мекемелерімен радио байланыс орнатылғанын жеткізді. Қазіргі таңда өрт қауіпті кезеңінің басталуына орай, бөлім тарапынан алдын алуға және жоюға бағытталған ауқымды атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Бұдан бөлек, аудан аумағында төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімдігімен және басқа да құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, су айдындарында адамдардың суға кету қаупінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Жыл басынан бері 45 рейдтік жұмыстар жүргізілсе, 23 радиодан сөйлеу, 2 лед экран, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша әлеуметтік желілерде 6 бейнеролик орналастырылған. Сонымен қатар, шомылуға тиым салынған су айдындарында түсіндірме жұмыстары мен тыйым салынған белгілер орнатылғанын мәлім етті.
Жиын барысында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауданға қарасты барлық ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайдың алдын алу бағытында қаупі бар елді мекендерге тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырып, тұрақты бақылауға алу қажеттігін жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі