Меню

Страницы

Статья

Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз!

Кепілдігім жетпейді, не амал бар? Бұл – кәсіпкерлер жиі қоятын сұрақ.
Банк несие берерде кепілзат талап ететінін кәсіпкерлер жақсы біледі. Қаржы ұйымы осылайша қарыздың қайтарылмай қалмауы үшін сақтандыру шараларын жасайды. Кәсіпкер кепілмүлік ұсынса – оны тәуелсіз компания бағалайды. Банк ол мекеменің есебін тексеріп, кепіл сомасын белгілейді. Әдетте ол нарықтағы бағадан 30-50%-ға төмен болады. Өйткені орналасқан жері, жағдайы, кейін сатуға шығарыла қалса құнын ақтауы сияқты көптеген факторлар әсер етеді. Әр қаржы ұйымының өз бағалау әдісі бар.
Бұдан шығатын қорытынды - кепілзат несие сомасын толық жабатындай болуы керек. Ал жүз пайыз жаппаса ше? «Даму» Қоры дәл осы кезде қолдау көрсетеді. Кепілдік мемлекеттік бағдарламалар аясында да ұсынылады. Бүгін біз Қордың өз бағдарламасына тоқталамыз. Ол – «Даму Оптима» бағдарламасы.
• Бұл бағдарлама аясында кәсіпкердің қолына тиетін несиенің максимал сомасы - 180 млн теңге;
• Кепілдік көлемі - несие сомасының 50%-ына дейін.
• Салалық шектеу жоқ
Несиенің мақсаты: инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру.⠀
Кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды.
Кепілдіктің толық шарттарын online.damu.kz сайтынан оқып алуға болады немесе 1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу керек.
«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз!

Дата публикации
26 февраля 2022
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
17 августа 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
17 августа 2026
2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы