Шаға ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 12 сәуірде Сауран ауданы Шаға ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сауран ауданы Шаға ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шаға ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 5429 азамат енгізілді, олардың 2812 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
М.Рысбеков – 262; А.Дайрабаев – 326; А.Сенбекқызы – 2224; «Барлығына қарсы» – 0.
1991 жылы туылған, Шаға ауылдық округі әкімінің орынбасары Түркістан қаласы 160 м/а 20-үй 1-пәтер,өзін-өзі ұсынған Сенбекқызы Аида Шаға ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы