ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылғы 5 ақпан күні Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Шорнақ ауылы  Басқармалар үйінде "Дүниежүзілік сайлау күні " мерекесінің қорытынды жиналысы өтті. Қортынды жиналысқа аумақтық сайлау комиссия мүшелері мен Саяси партиялар,Қоғамдық бірлестіктер БАҚ өкілдері, Жастар ресурстық орталығының мамандары, Руқаният және талдау  орталығының қызметкерлері қатысты.

      Жиналысты аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Казиханов ашып жүргізіп отырды. "Дүниежүзілік сайлау күніне " арналған іс-шаралардың орындалу қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Казиханов жиынға қатысушыларға аумақтық сайлау комиссиясының жұмыстарымен және "Дүниежүзілік сайлау күніне орай  атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.

        М.Казиханов  биыл "Дүниежүзілік сайлау күніне " арналған іс шараларға заңдарға түсіндірме беріп, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтік, Кәсібилік пен алқалылық тақырыбында ұйымдастырылғанын, жалпы аудан көлемінде 42 іс-шаралардың өткенін, іс-шараға 1532 адам қатысқанын, оның ішінде 1367 жастардың қатысқандығын, 1-дөңгелек стол отырысы, 5-семинар,       35-сынып сағаттары, 1-ашық есік күні өткізілгенін және де Дүниежүзілік сайлау күні мерекесін орай аудандағы  LED экрандарға үгіт насихаттау жарнамалары орналастырылып, Сауран аудандық баспа сөз беттерінде мақала берілгендігін айтып өтті.

          Осы ұйымдастырылған іс-шаралардың өтуіне үлес қосқан барлық сайлау комиссиясының мүшелеріне, басқа да ат салысқан азаматтарға алғысын білдірді.

          Жиналыс барысында Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдерінің мүшелері сөз сөйлеп өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

          Жиналыс соңында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Казиханов іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
Дата публикации
06 февраля 2026