САУРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 қыркүйек күнгі отырысында Майдантал ауылдық округінің әкімі ретінде:
1989 жылы туылған, Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас инспекторы-бас есепшісі, Түркістан қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Саргелтаев Алмас Камбарбекович Майдантал ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы