Шорнақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 28 қыркүйек Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шорнақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 7163 азамат енгізілді, олардың 4406 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Н.Бабичев – 3026; Н.Бадамбаев – 714; Ж.Досманов – 635; «Барлығына қарсы» – 25.
1987 жылы туылған, «Amanat» партиясы Сауран аудандық филиалының консультанты, Сауран ауданы, Шорнақ ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Бабичев Нурсеит Избасарович Шорнақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы