Майдантал ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Майдантал  ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы             

                                                      ХАБАРЛАМА

 

 

2025 жылғы 28 қыркүйек Сауран ауданы Майдантал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

           Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сауран  ауданы Майдантал  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Майдантал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1540 азамат енгізілді, олардың 852 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Мұсырманқұлов – 89;  А.Назарбайқызы – 101;  Саргелтаев – 647;  «Барлығына қарсы» – 3.

         1989 жылы туылған, Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас инспекторы-бас есепшісі, Түркістан қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Саргелтаев Алмас Камбарбекович Майдантал  ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                         Сауран  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 сентября 2025