1.1. Осы конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығына сәйкес әзірленді.
1.2. Конкурс Сауран ауданы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау мақсатында өткізіледі.
1.3. Сауран ауданы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы осы талаптар, конкурстық өтінімді дайындау және конкурсқа қатысуға үміткерлерге қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібін айқындайды.
1.4. Осы конкурстық құжаттамада мынадай терминдер пайдаланылады:
Конкурсты ұйымдастырушы- «Сауран аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Конкурсқа қатысушы- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсететін мекемесі;
Комиссия- конкурс өткізу рәсімін орындайтын алқалы органы;
Контейнерлік алаңдар-коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналастырылатын, коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған кірме жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар.
1.5. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау аумақтарын (лоттарын) әзірлеу негізінде жеке және заңды тұлғаларды қызмет көрсетілетін аумақтарын (лоттарды) тиісті жағдайда ұстау қажеттілігіне негізделген сапалы және тиімді қызмет көрсетумен қамтамасыз ету қағидаты жатыр.
1.6. Конкурс аумақтарын (лоттарының) сызбалары Сауран ауданы аумағының шекарасы негізінде бекітіледі (1 қосымша, аудан аумағының картасы).
1.7. Конкурстың жеңімпазымен келісім-шарт комиссия шешімі негізінде уәкілетті органмен жасалады.
1.8. Конкурстың жеңімпазы аудан аумағында орналасқан қоқыс контейнерлерінен, жеке тұрғын үйлер секторынан және заңды тұлғалардан қоқысты жинайды және шығарады.
1.9. Аудан аумағын дамыту жолымен қызмет көрсету аумағы ұлғайған жағдайда конкурсқа қатысушы-жеңімпаз оларға (лотқа сәйкес) да қызмет көрсетуге міндеттенеді.
2.1. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені, М.Темірбаев көшесі №30 ғимарат.
2.2. Байланыстағы тұлға: Абдраимов Абдумуталип Абдуганиевич – «Сауран аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, тел: +7 778-523-79-62.
Электрондық поштаның адресі: sauran.jkh@mail.ru.
3.1. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын беріледі.
-Өтінімдерді қабылдауды бастау: «23» қыркүйек 2025 жыл, уақыты: 9:00 сағ.
-Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: «14» қазан 2025 жыл, уақыты: 19:00 сағ.
4.1. Конкурсты өткізу уақыты: 2025 жылғы 10 қазан күні (уақыты: сағат 17:00).
4.2. Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ е/м, М.Темірбаев көшесі №30 ғимарат.
5.1. Конкурс өткізу туралы хабарландырудан кейін өтініш берушілер (ҚТҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ нарығына қатысушылар) конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурсты ұйымдастырушының атына конкурстық өтінімдерді оның кеңсесі арқылы мөрленген конвертте ұсынады.
5.2. Комиссия хатшысы мөрленген конвертте конкурстық өтінімдерді алғаннан кейін оның кеңсесі арқылы өтінім беруші (ҚТҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ нарығына қатысушылар) туралы ақпаратты (атауы, мекен-жайы, конкурстық өтінімді беру мерзімі), өтінімдерді тіркеу журналына (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) енгізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау күні Конкурсқа қатысуға өтінімді тіркеген күн болып табылады.
5.3. Өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлға Конкурсты ұйымдастырушыға жазбаша хабарлама жібере отырып, тіркелген өтінімді кері қайтарып алуға құқылы.
5.4. Конкурсқа қатысушы конкурстық құжаттамаға қатысты қандай да бір мәліметтерді Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ е/м, М.Темірбаев көшесі №30 ғимарат мекен-жайда орналасқан «Сауран аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен ала алады.
5.5. Конкурс ұйымдастырушы қатысушының осы Ережені түсіндіруге байланысты кез келген жазбаша өтінішіне, егер ол конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей келіп түскен болса, жазбаша жауап береді. Ұйымдастырушы көрсетілген сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық құжат нысанында ережелерге түсініктеме жібереді.
5.6. Комиссия конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және жеңімпаз (дар)ды айқындау немесе конкурс өтпеді деп тану туралы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, не оның міндетін атқарушы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі қабылданған деп танылады.
5.7. Комиссия Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамайды, егер:
1) Конкурсқа қатысушы осы белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе.
3) жалған мәліметтерді және/немесе жалған құжаттарды ұсыну;
5.8. Комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi олардың толықтығына, құжаттарда барлық қолдардың бар-жоғына, сондай-ақ жалпы ресiмдеу дұрыстығына тексеруi тиiс.
5.9. Комиссияның кез-келген мүшесі комиссия шешімімен келіспеген жағдайда өз ұстанымын жазбаша түрде білдіреді және ол хаттамаға қоса тіркеледі.
5.10. Конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша комиссия хатшысымен комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 3 (екі) жұмыс күні ішінде комиссиялық барлық қатысқан мүшелері және хатшы қол қоятын комиссияның тиісті шешімі бар хаттама әзірленеді.
Конкурсты ұйымдастырушы хаттама рәсімделген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде барлық қатысушыларға заңды және электронды мекенжайларына хаттаманың үзіндісін жолдайды.
5.11. Өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген өтініш беруші егер Комиссияның іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі оның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылса жолданған комиссия шешімінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.
5.12. Өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген өтініш берушіден шағым түскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушы шағымды қарастырады және 5 (бес) жұмыс күні ішінде шағым бойынша шешім қабылдайды.
5.13. Конкурстың қорытындысы туралы шешімі конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналасады:
1) өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген өтініш берушіден шағым болмаған жағдайда;
2) өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген өтініш берушіден шағымы бойынша шешім қабылданған жағдайда, комиссия шешімі шағым бойынша шешіммен бірге жарияланады.
5.14. Конкурс өтпеді деп мынадай жағдайларды танылады:
1) конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда;
2) егер конкурстық өтінімдер қарастыру қорытындысы бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін бірде-бір өтінім келіп түспеген жағдайда.
Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурсты қайта өткізеді.
5.15. Егер конкурсқа қатысу үшін бір өтінім келіп түскен жағдайда комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жалғыз қатысушыны конкурстың жеңімпазы ретінде анықтауға, егер ол конкурстық (тендерлік) құжаттамамен қарастырылған талаптарға сәйкес келетін болса;
2) конкурсты қайта өткізеді, егер жалғыз қатысушы конкурстық құжаттамамен қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін болса.
5.16. Конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады. Екі және одан да көп қатысушылардың конкурстық құжаттамасы сәйкес келген жағдайда ҚТҚ жинау және тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін техникалық жарақтандыру ескеріледі.
5.17. Аумаққа қызмет көрсету конкурсы жеңімпазының құқықтары мен міндеттері үлгілік шартта бекітіледі. Келісім шарт ұзартусыз 10 (он) жылға дейінгі мерзімге жасалады.
5.18. Шарт жасалғаннан кейін коммуналдық қалдықтарды белгіленген аумақтан жинау және тасымалдау кестесі атқарушы органмен келісіліп, аудан немесе ауыл әкімімен бекітіледі.
5.19. Қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтарды сұрыптау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша жеке инфрақұрылымы болмаған жағдайда қалдықтарды сұрыптауды, қалпына келтіруді және (немесе) жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарт жасасады.
5.20. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонына тікелей ҚТҚ шығару Сауран ауданы сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
5.21. Конкурс жеңімпазының 5 жұмыс күн ішінде шарт жасасуға келмеуі қызмет көрсетуге шарт жасасудан бас тарту ретінде қаралады.
6.1. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ұйымдастырушыға келесі құжаттарды (егер басқасы көрсетілмесе, бір данада) ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) осындай өтініш берген қатысушы туралы мәліметтер мен құжаттар (мекемесінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны туралы мәліметтер, орналасқан жері, байланыс телефоны);
3) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы анықтама;
4) қатысушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
5) конкурсқа қатысушының жеке меншігіндегі немесе жалға алу (жалдау шарты) құқығындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарының құжаттарының көшірмелері;
6) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қызметтерді көрсету үшін басқарушы және техникалық персоналмен еңбек шарттарын қоса бере отырып, адам ресурстары туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
7) конкурсқа қатысушының жеке меншігінде немесе жалға алу құқығында диспетчерлік пункттің болуын растайтын құжат (жалдау шарты);
8) конкурсқа қатысушының Көлік құралдарын жөндеу және тұраққа қою базасының болуын растайтын құжат (жеке меншікте немесе жалға алу негізінде);
9) тұрмыстық қатты қалдықтар полигонымен келісім (шарт);
10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Экологиялық кодексінің 337-бабы бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелгендігін растайтын анықтама
(Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама);
11) "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қосылған көлік құралдарының спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жабдықталғанын растайтын құжат.
6.2. Конкурсқа қатысуға өтінімде олардың құрамына кіретін құжаттардың тізімдемесі болуға тиіс.
Қатысушының өтініш берген күнге өткен күнтізбелік жыл үшін кез келген деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жалақы, есептелген салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын құжаттар.
6.3. Конкурсқа қатысуға өтінім және қоса беріліп отырған құжаттар қатысушыларға тігілген түрде, нөмірленген беттермен ұсынылады, соңғы бет басшының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Қатысушының аталған талаптарды сақтауы конкурсқа қатысуға өтінім құрамына кіретін барлық құжаттар мен мәліметтер тапсырысқа қатысушының атынан берілгенін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінім құрамында ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын және дұрыстығын растайтынын білдіреді.
6.4. Көрсетілген құжаттар жабық конвертте ұсынылады. Өтініш берушілер конкурстық өтінім конверттерін мөрлеуге және таңбалауға келесі талаптарды орындауы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім конвертте жазбаша түрде беріледі;
2) конвертте осы өтінім берілген қатысуға Конкурстың (лоттың) атауы көрсетіледі;
3) конвертте қатысушының атауы мен мекен жайы көрсетілуі керек.
6.5. Әрбір үміткер 1 (бір) конкурсқа қатысуға 1 (бір) ғана өтінім бере алады.
6.6. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен барлық конкурстық өтінімдер қабылданбады деп есептеледі. Мұндай өтінімдер конкурсқа қатысушыларға қайтарылады.
6.7. Өтінім беруші конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін берілгеннен кейін өзінің конкурстық өтінімін өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін. 6.8. Мұндай өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны ұйымдастырушы Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін алса, жазбаша нысанда жасалған және конкурсқа қатысуға өтінімдерге, осы құжаттамаға қойылатын талаптарға сәйкес ресімделсе, жарамды болып табылады.
6.9. Осы талаптарға енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Сауран ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Барлық үміткерлер осы талаптарға енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы жазбаша түрде хабардар етіледі немесе егер үміткер оған өз келісімін жазбаша білдірсе, үміткерлерге электрондық пошта арқылы жеткізіледі.
6.10. Қатысушы конкурстық өтінімді дайындауға және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді. Тапсырыс беруші байқау үдерісі мен нәтижелерінің өзгеруіне қарамастан, бұл шығындар үшін жауапкершілік көтермейді.
6.11. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс талаптарын сақтауға міндетті.
7.1. Қызметтің құны қазіргі таңдағы Сауран аудандық мәслихатының шешімімен белгіленген тарифтен аспауға тиіс.
7.2. Сауран ауданына қатысты лот бойынша жеке және заңды тұлғалардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтер көрсету мақсатында конкурстың жеңімпазы міндетті:
- лотқа сәйкес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін контейнерлерден, сондай-ақ контейнерлерден 5 метр радиуста аумақтан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізу;
- Сауран ауданы әкімімен бекітілген нақты кесте бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс алаңшаларынан күнделікті және жеке тұрғын үй секторынан аптасына кемінде бір рет қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен әкетуді жүргізу;
- бекітілген жинақтау нормативтеріне сәйкес мөлшерде азаматтардың үйлерінен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару;
7.3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарының болуы:
- коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес келетін және жеке меншіктегі немесе жалға алу негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауға арналмаған арнайы жабдықталған көлік құралдары (растайтын құжат);
2) көлік құралдарының "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жарақтандырылуы;
3) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету бойынша қызметтер көрсету үшін білікті басқарушы және Техникалық персоналдың болуы (еңбек шарты негізінде);
4) диспетчерлік пункттің болуы (құқық белгіленетін құжат негізінде);
5) көлік құралдарын жөндеу және тұраққа қою базасының болуы (жеке меншікте немесе жалға алу негізінде);
6) Полигонның немесе қатты тұрмыстық қалдықтар полигонымен шарттың болуы;
7) Қоқыс жинау және шығару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Экологиялық кодексінің 337-бабы бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеу
(Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама)
9) Арнайы техникаға талаптар:
- Шанақ көлемі 8м3 кем емес;
- Қоқысты нығыздау коэфициенті 5-тен кем емес;
- Контейнерлерді тиегіш 1,1м3/ 500 кг;
- Маскималды жүк сиымдылығы 5 тонна.
Ескептпе: Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексті 337 бабына сәйкес, Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Тапсырыс берушіге қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама беруге міндетті.
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті хабардар етпей жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сауран ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыру аймақтары шекараларын ескере отырып, лоттарға бөлінуі
|
Лоттың нөмірі |
Лоттың атауы
|
Бункердің көлемі 8 м3 болған кезде конкурсқа қатысу үшін талап етілетін мамандандырылған техника/ жұмысшылар саны |
Бункердің көлемі 12 м3 болған кезде конкурсқа қатысу үшін талап етілетін мамандандырылған техника/ жұмысшылар саны |
Бункердің көлемі 20 м3 болған кезде конкурсқа қатысу үшін талап етілетін мамандандырылған техника/ жұмысшылар саны |
|||
|
Техника саны |
Жұмысшы саны |
Техника саны |
Жұмысшы саны |
Техника саны |
Жұмысшы саны |
||
|
№6 |
Үшқайық ауыл округі |
2 |
6 |
1 |
4 |
1 |
4 |
№____ лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
(қатысушының атауы)
атынан,______________________________________________________________
(лауазымның атауы, заңды тұлға үшін басшының, уәкілетті тұлғаның Т. А. Ә.)
конкурстық құжаттамада, сондай-ақ конкурсқа хабарламада белгіленген шарттарда конкурсқа қатысуға келісімі туралы хабарлайды және осы өтінімді жібереді.
(қатысушы ұйымның, дара кәсіпкердің атауы)
заңды тұлғаны тарату сатысында емеспіз және бізге қатысты төрелік соттың банкрот деп тану немесе конкурстық іс жүргізу туралы шешімі жоқ, біздің қызметіміз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімді қарау күніне тоқтатылмағанын хабарлаймыз.
Осымен біз өтінімде ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Комиссияның біз туралы мәліметтерді біздің өтінімде көрсетілген уәкілетті органдар мен жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтерді сұрату құқығын растаймыз.
банк деректемелері: ____________________________
ИИК ______________________________________
БИН _________________
БИК _________________
КБЕ __________
Конкурса қатысушы туралы мәлімет
|
1 |
Мекемесінің толық және қысқартылған атауы және оның ұйымдық-құқықтық нысаны |
|
|
2 |
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мекемесінің БСН) |
|
|
3 |
Заңды мекен-жайы: |
|
|
4 |
Пошта мекен-жайы: |
|
|
5 |
Телефон, телефакс: |
|
|
6 |
Электрондық пошта (Интернет-сайт) |
|
|
7 |
Мекемесінің жарғысына сәйкес қызмет түрі |
|
№___ лот бойынша КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
___
|
№ р/с |
Атауы |
Парақ саны |
|
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
|
4 |
|
|
|
5 |
|
|
|
6 |
|
|
|
7 |
|
|
|
8 |
|
|
|
9 |
|
|
|
10 |
|
|
|
11 |
|
|
|
12 |
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
___________________________ (А.Ж.Т.. лауазымы) М.О. |
Конкурсқа қатысушының материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер
|
№ |
Көлік немесе нысанының атауы |
Меншік нысаны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
___________________________ (А.Ж.Т.. лауазымы)
М.О.
Конкурсқа қатысушының персоналы туралы мәліметтері
|
№ |
Қызметкердің А.Ж.Т. |
Атқаратын лауазымы |
еңбек шартының № және күні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
___________________________ (А.Ж.Т.. лауазымы)
М.О.