Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 26 ҚАУЛЫСЫ

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                  № 26 ҚАУЛЫСЫ

 

Шорнақ ауылы                                                              2025 жылғы 20 тамыз

     

    

 Сауран ауданының Майдантал

 ауылдық округі әкімінің сайлауын

 тағайындау туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылы 28 қыркүйекке Майдантал ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2.   Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 21 тамыздан басталсын.
  3. 2025 жылғы 28 қыркүйекке тағайындалған Майдантал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

    4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Сауран газетінде жариялансын.

  

 

 

        Төраға                                                               М.Казиханов

 

       Хатшы                                                               Н.Ибраев

Дата публикации
20 августа 2025