Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 24 ҚАУЛЫСЫ
Шорнақ ауылы 2025 жылғы 20 тамыз
Сауран ауданының Шорнақ
ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылы 28 қыркүйекке Шорнақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 21 тамыздан басталсын.
- 2025 жылғы 28 қыркүйекке тағайындалған Шорнақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Сауран газетінде жариялансын.
Төраға М.Казиханов
Хатшы Н.Ибраев