Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сауран  ауданы Жаңа Иқан  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жаңа Иқан  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 4263 азамат енгізілді, олардың 2622 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдаев. Т. – 2091; Бахрамов Б.С. – 284; Расулов.А.М. – 215; «Барлығына қарсы» – 6.

1965  жылы туылған, Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі, Сауран ауданы, Жаңа Иқан  ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Абдаев Тахир Жаңа Иқан  ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сауран  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025