Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусымда Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жібек жолы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1032 азамат енгізілді, олардың 738 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
М.Аширбеков –591; Ш.Майбасаров –67; Б.Баймаханов-58 «Барлығына қарсы» – 8.
1968 жылы туылған, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Сауран ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Аширбеков Мейрамбек Абуович Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы