Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №13 ҚАУЛЫСЫ

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                    №13  ҚАУЛЫСЫ

 

Шорнақ ауылы                                                              2025 жылғы 4 маусым

     

    

 Сауран ауданының Жаңа Иқан

 ауылдық округі әкімінің сайлауын

 тағайындау туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2.   Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымынан басталсын.
  3. 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

    4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Сауран газетінде жариялансын.

  

 

 

        Төраға                                                               М.Казиханов

 

       Хатшы                                                               Н.Ибраев

 

Дата публикации
04 июня 2025