САУРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 2 ақпандағы отырысында Ескі Икан ауылдық округінің әкімі ретінде:
1990 жылы туылған, Сауран ауданы Ескі Икан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты өзбек Саитов Дилшод Закиржанович тіркелді.