2025 жылғы 2 ақпанда Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

2025 жылғы 2 ақпанда Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 10330 азамат енгізілді, олардың 6044 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Д.Саитов – 4721;  Б.Мамметов. – 1297;  «Барлығына қарсы» – 12.

1990 жылы туылған, Ескі Иқан ауыл округінің әкімі Саитов Дилшод Закиржанович – Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сауран ауданы Ескі Икан ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 февраля 2025