Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №41 ҚАУЛЫСЫ

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                    №41  ҚАУЛЫСЫ

 

Сауран ауданы                                                               25 желтоқсан 2024 жыл

     

    

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық

округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    Ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 2 ақпанына тағайындалсын.
  2.    2025  жылғы 2 ақпанына тағайындалған Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3.   Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

 

             Төраға                                                              М.Казиханов

 

             Хатшы                                                              Н.Ибраев

Дата публикации
25 декабря 2024