Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

         ҚАУЛЫСЫ №24

 

Сауран ауданы                                          2 қазан 2024 жыл

           

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық

округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 10 қарашасына тағайындалсын.
  2. 2024  жылғы 10 қарашаға тағайындалған Үшқайық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

        3.Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                              М.Казиханов

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                              Н.Ибраев

Дата публикации
02 октября 2024