Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ № 23

 

Сауран ауданы                                                                 2 қазан 2024 жыл

      

Сауран ауданы  Үшқайық  ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикалық Конституциялық заңның 14- бабының 6 -тармақшасы, 21- бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Сауран ауданының Үшқайық ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Үшқайық ауылдық округі шекарасы аумағында «Үшқайық» сайлау округі құрылсын.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аумақтық сайлау комиссиясының сайтында «Үшқайық» сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жариялансын.

 

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы      М.Казиханов

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы      Н.Ибраев

 

Дата публикации
02 октября 2024