Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәліметі
Бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 4 бағытта жүргізілді. Атап айтқанда: 1-/слайд/
- еңбек қатынастарын үйлестіру;
- аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;
- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау;
- еңбекші көшіп келушілерді тіркеу.
Сауран ауданында халықтың саны 102 247 мың адам. 2-3/слайд/
Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 39 903 жұмыссыздар саны 1974 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 17444 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 20485 адамды құрайды.
қолдау көрсету туралы
2024 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 357289,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде қосымша төлемге Республикалық бюджеттен 54496,0 мың теңге қаралды. 4-/слайд/
2024 жылдың 6 айына 357 отбасының 2317 адамына 94170,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 81047,8 мың теңге төлем жүргізілді.
5-6-слайд/
Оның ішінде:
-шартты түрі бойынша 332 отбасының 2184 адамына 86635,4 мың теңге тағайындалып, 74771,4 мың теңге төлем жүргізілді.
-шартсыз түрі бойынша 29 отбасының 156 адамына 7534,9 мың теңге тағайындалып 6276,4 мың теңге төлем жүргізілді. 7-/слайд/
Атаулы әлеуметтік көмек алушы 2317 адамның ішінде еңбекке жарамды 654 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 8-/слайд/
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 683 балаға 18303,0 мың теңге тағайындалып 15523,0 мың теңге қосымша төлем төленді. 9-/слайд/
Аудан әкімінің орынбасары бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру мақсатында жиындар өткізілді. 10-11-/слайд./
Түркістан облысы әкімінің 2024 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес, АӘК алушылар санын 3938 адамнан жыл соңына дейін 9,5% кемітіп, АӘК алушылар санын жыл соңына дейін 3562 адамға азайту бойынша меморандум түзілді.
2024 жылдың 2-тоқсанына бекітілген АӘК алушылар жоспары 2850 адам болса, АӘК алушылар саны 2317 адамға орындалып көрсеткіш 533 адамға төмендетілді.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 24 отбасына 1200,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты. 12-/слайд/
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес, Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2024 жылдың 6 айында жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келуге өтініш бергендер саны 2068 адамды құрады.
Оның ішінде:
еңбекші көшіп келушілерге рұқсат берілгендер 1647 азамат,
мерзімін ұзарту бойынша 146 өтініш,
275 азаматтардың өтініштері бас тартылды,
Еңбекші көшіп келушілерден жыл басынан бері Сауран ауданының жергілікті салық органына 32 934 779 мың тг мемлекеттік баж өндірілді. 13-/слайд/
Сауран ауданында 7050 зейнеткер тұрады. Оның ішінде; 14-/слайд/
5.Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы
Мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны-3314 адам. Оның ішінде; 15-/слайд/
Аудан деңгейінде 2024 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160 жалпы 320 жолдама бөлінген.Оның ішінде; 16-17-18/слайд/
Маусым айына дейін «Ардагерлер» үйіне-48, «Мейір» ардагерлер үйіне-80 жолдамамен жалпы 128 зейнеткерлер қамтылды.
Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2920 адам оның ішінде 1028 зейнеткер қамтылды. Кезек күтуде-1870 зейнеткер
2021ж 56 зейнеткер қамтылған
2022ж 368 зейнеткер
2023ж 489 зейнеткер
2024жылдың 6 айында 128 зейнеткер қамтылды.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін РБ-47894,0 мың теңге, Облыс-88852,0 Ж.Б- 76128,0 мың теңге жалпы 212874,0 мың теңге қаралды.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес: 19-20-21/слайд/
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарға 1661 өтініш түсіп, 1281 құралдар беріліп, орындалу көрсеткіші 77,2 %;
- протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 250 өтініш тіркеліп, 174 азамат құралдармен қамтылды; (69,6%)
- тифлотехникалық құралға мұқтаж азаматтардан 43 өтініштер тіркеліп, 40 құрал түрімен қамтамасыз етілді; (93,1%)
-сурдологиялық көмекке мұқтаж азаматтардан 17 өтініштер тіркеліп, 17 құрал түрімен қамтамасыз етілді; (100%)
-қоларба құралдарына мұқтаж азаматтардан 78 өтініш тіркеліп, 72 азамат құрал түрімен қамтамасыз етілді; (92,4%)
-мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 405 азаматтардан өтініш тіркеліп, 191 азамат әлеуметтік портал арқылы жолдамамен қамтылды. (47,2%)
-ымдау тілі мамандарының қызметіне 15 өтініштер тіркеліп, 12 қызметпен қамтамасыз етілді; (80%)
-міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж азаматтардан 852 өтініш тіркеліп, 774 өтініш қамтылды. (90,9%)
Аудандық бюджеттен:
- Адам имун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 3 отбасыға баланы күтуге 86814 теңгеден ағымдағы жылдың мамыр айының 26-на дейін дейін барлығы 1041.7 теңге жәрдемақы төленді.
- Туберкулезбен ауыратын 13 адамға 10 АЕК мөлшерінде 36920 теңгеден ай сайын әлеуметтік төлем жүргізіліп, 2215,2мың теңге төленді.
- Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 30 азаматтарға 10 АЕК мөлшерінде 36920 теңге төлем жүргізіліп, 5538,0 мың теңге төленді.
Ауданымызға қарасты ауылдық округтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2024 жылға мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды. 19-/слайд/
Мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызметі мемлекеттік сатып алу баға ұсынысы нәтижесінде, «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынды. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 60 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметімен пайдалануда.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114 –IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен жұмыс атқарады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны-34 (1-меңгеруші, 1-кеңесші, 32 әлеуметтік қызметкерлері).
Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер-4, мүгедектігі бар балаларды күтушілер - 28. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде - 15 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 128, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі - 18 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы - 161 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беріп, қазіргі таңда әлеуметтік қызметтер порталына 140 бала қабылданды. /25-слайд/
2024 жылдың маусым айында 2023-2024 оқу жылына үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер қыркүйек 94, қазан-28 адам, қараша- 4 адам, желтоқсан-7, ақпан-3, қамтамасыз етілген 136 өтініш;
2023-2024 оқу жылына Мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге жергілікті ХҚКО немесе «egov» порталы арқылы өтініштер түсіп заңға сәйкес қаралды.
|
Үйде оқитын мүгедектігі бар балалар |
2024 жылға қаралған қаржы |
Төленген қаржы |
|
Қаралған сомасы |
10764,0 |
5021,1 |
|
Мүгедек бала саны |
136 |
136 |
|
1 адамға төленетін сомасы |
7384 |
7384 |
5.Бөлімнің құжат айналымы бойынша
2024 жылдың 2 тоқсанына жалпы құжат айналымының көлемі 1228 құрады. 22-/слайд/
Оның ішінде: кіріс құжаттар саны- 763, шығыс құжаттар саны -465.
Қаңтар айынан бастап құжат айналымы толық электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) 100 пайыз жұмыстар атқарылуда.
Жеке тұлғалардан 22 және заңды тұлғадан 1 өтініш тіркеліп заң талаптарына сәйкес жауап берілді.
Әлеуметтік салада бөлімге қатысты мәселелер бойынша аудан әкімінің және әкім орынбасарларының жеке қабылдауында болған 3 азамат.
көрсетілу сапасы бойынша:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, бөлім 15 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді.
2024 жылдың 2 тоқсанына жалпы 6905 мемлекеттік қызмет көрсетілген (тікелей бөлім арқылы-0, электронды үкімет арқылы-6734, ХҚКО арқылы-171. Атап айтқанда:
- жекелеген санаттағы азаматтар-4129 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-821, еңбекші көшіп келушілер-1955, жалпы 6905 қызмет оның ішінде (тікелей бөлім арқылы-0, электронды үкімет арқылы-6734, ХҚКО арқылы-171).
Бөлім басшысы Д.Асылбек