Сауран ауданы әкімдігінің дербес бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА
Шорнақ ауылы 22 мамыр 2024 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімдердің атауы;
10) Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімдердің мекен жайы; Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы:
Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Полатов, Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Патсаев, Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы м.а Е.Досжан, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек. Сауран ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов, Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы С.Шакиров, Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және аудан құрылысы бөлімінің басшысы Қ.Таукебаев, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жумабекова, Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Мирзабеков, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Сауран ауданы әкімдігінің тұрған үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы м.а А.Қанағат.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:
2023 жыл - 2024 жылдың 21 мамыры.
Мемлекеттік қызметке (жұмысқа) орналасқанда және жоғарылаған кезде заңда көзделмеген артықшылықтарды (протекционизм, отбасылық) беру мүмкіндігі анықталмады.
Жекелеген қызметшілерге (қызметкерлерге), оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тарту (тартпау), сыйлықақы беру және үстемеақы белгілеу кезінде ерекше көзқарас білдіру мүмкіндіктері анықталмады. Басшының жұмысқа қабылданған қызметшілерге (қызметкерлерге) қамқорлық білдіру деректері жоқ.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға бекітілген штаттық бірлік саны – 56 мемлекеттік қызметші.
2024 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша нақты штаттық бірлік саны – 56, бос лауазымдар – 9.
Есептік кезеңде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке 18 - қызметші тартылған.
Жауапкершілікке тартылған қызметшілер арасында әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағандығы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелер ресімделген және мемлекеттік қызметті өткеру кезеңінде табыс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттігі туралы жазбаша хабарламалар берілген. Жыл сайын табысы мен мүлкі туралы декларацияларды уақытылы тапсыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, дегенмен сенім телефоны мен сенім жәшігі орналастырылмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрі - 34.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.
Алайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өтпеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс мерзімі сақталмаған.
Құрылыс, сәулет және аудан құрылысы бөлімінде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің бұзу бойынша 15 дерек анықталды (2023-2024 ж.).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» № 750 бұйрығының 37,51-тармақтарына сәйкес- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады-делінген;
Бұған қоса, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеретіні белгіленген.
Алайда, құрылыс, сәулет және аудан құрылысы бөлімі қызмет алушылардың өтініштерін тиісті мерзімде тіркемейтіндіктері анықталды.
«Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
Атап айтқанда, қызмет алушы Улугбек Юнусов 2023 жылғы 24 шілдеде "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» үшін құрылыс, сәулет және аудан құрылысы бөліміне өтініш KZ55SEP00768142 берген
Алайда, қызмет алушы Улугбек Юнусовтың өтініші Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызметінің тәртібін бұза отырып,1 жұмыс күніне кешіктіріліп тіркелген.
Осыған сипаттас:
1).Ақабай Имамалиевтің 11.08.2023 жылғы KZ09SEP00782523 өтінішін 1 жұмыс күніне; 2) Батир Маматкаримовтың 11.08.2023 жылғы KZ15SEP00782571 өтінішін 1 жұмыс күніне; 3) Турсунай Убайдуллаевтің 11.08.2023 жылғы KZ16SEP00689074 өтінішін 1 жұмыс күніне;4) Анваржан Шерметовтің 22.08.2023 жылғы KZ08SEP00790304өтінішін 1 жұмыс күніне; 5) Алмас Нұрпейсовтің 20.09.2023 жылғы KZ57SEP00812214 өтінішін 1 жұмыс күніне; 6) Серикбай Оксикбаевтың 11.10.2023 жылғы KZ47SEP00828690 өтінішін 1 жұмыс күніне;7) Насибахан Юлдашеваның 19,10.2023 жылғы KZ88SEP008355033 өтінішін 1 жұмыс күніне; 8) Закиржан Тойметовтың 21.06.2023 жылғы KZ45SEP00747149өтінішін 1 жұмыс күніне;9) Х. Абдрахмановтың 17.10.2023 жылғы KZ95SEP00833324 өтінішін 1 жұмыс күніне; 10)А.Сапаровтың 12.07.2023 жылғы KZ29SEP00760047 өтінішін 1 жұмыс күніне т.б. кешіктіріліп тіркелген.
«Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша қызмет алушының өтініштері кешіктіріліп тіркелгені анықталды.
Сонымен қатар, қызметті көрсетуден бас тарту жоғарыда аталған бұйрықтың тиісті тармақтарын көрсете отырып жүзеге асырылады.
Алайда, төмендегі қызмет алушылардың өтінімдеріне бас тарту мерзімдері кешіктірілген:
1) У .Тажиметовтың 13.06.2023 KZ65RUA00698964өтінішін1 жұмыс күніне; 2) М.Бабаджанованың 20.06.2023 KZ24RUA00702224өтінішін1 жұмыс күніне; 3)Г.Сатыбалдиеваның 09.06.2023 KZ22RUA00697507өтінішін1 жұмыс күніне; 4) Ж.Төлеген 08.07.2023 KZ374RUA00726337 өтінішін 1жұмыс күніне;5) Ш.Низаеваның 15.11.2023 KZ34 RUA00777122 өтінішін1жұмыс күніне; 6) З.Маматжановтың 08.09.2023өтінішін KZ16SEP00802601 өтінішін 1 жұмыс күніне; кешіктіріліп өтінішіне 1 жұмыс күніне тіркелгені анықталды.
Жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін бұзу бойынша бірнеше деректер анықталды (2023-2024 ж.).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін ұйымдардың азаматтар мен кәсіпкерлерге қызметтерді сапасыз ұсынуы, оның ішінде өтініштерді кешіктіріп тіркеу немесе қызмет нәтижелерін жұмыс уақытынан тыс мерзімде ұсыну қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін екенін ескеру қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 15-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс жән мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылатыны белгіленген.
Дегенмен, жер қатынастары бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өтініштерін жұмыс уақытысынан тыс уақытта тіркеу тәжірибесін қолданғаны анықталды.
Мәселен, қызмет алушы Р. Шадибековтың 2023 жылғы 27 желтоқсанда «Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту үшін» Е-Лицензия порталы арқылы Бөлімге өтініш (№KZ89RBD02658232) берген.
Бөлім - 2023 жылғы 27 желтоқсанда жұмыс уақытысынан тыс сағат 19:20 тіркеген.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:
Дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жоқ.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімдердің лауазымды тұлғаларының өз аудануы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.
Аудан әкімдігіне 2023 жылдың 12 айы мен 2024 жылдың өткен мерзімінде жеке және заңды тұлғалардан жалпы – 1116 өтініш келіп түскен.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтініштер демалыс күндерін қоспағанда сол күні тіркеліп, әры қарай жауапты орындаушыға жолдануы бойынша кемшіліктер анықталмады.
Бұл, бөлім басшылары азаматтардың өтініштерін қарауда немқұрайлық танытатындығын не өз қызметтік міндеттеріне ұқыпсыз қарайтынын көрсетеді.
Осындай, сапасыз, сырғытпа жауап хаттардың салдарынан өтініштердің қанағаттандыру деңгейінің төмендеуіне алып келіп, қайталама шағымдар саны еселеп артуда және облыс әкімі мен Президент әкімшіліне арызданушылардың саны көбейіп кеткені байқалды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процесстік Кодексінің 65-бабында жолданымды қарау әкімшілік органның уәкілеттігіне кірмесе 3 жұмыс күні ішінде лауазымды адамға әрі қарай жолдау қажеттілігі бойынша заңбұзушылықтар анықталмады.
Алайда, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен «e-Otinish» электрондық порталы арқылы түскен талап қоюшының 31.05.2023 жылғы өтінішіне сәйкес, 15.06.2023 жылғы №ЖТ-2023-00972329 хатпен талап қоюшыға «жер телімдерін ұзарту туралы қаулысы жобасы әзірленуде» деген мәтінде «e-Otinish» электрондық порталы арқылы сырғытпа жауап жолданған.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу барысы.
2023 жылға бекітілген аудандық бюджеттің көлемі 9 074 591,0 мың теңге сомасында белгіленген еді, түзетілген бюджет жоспары 9 121 130,0 мың теңгені құрады. Бюджет көлемі бекітілген бюджетпен салыстырғанда 46 539,0 мың теңгеге ұлғайтылды, оның ішінде: салықтық түсімдер 190 756,0 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер 9 726,0 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 160 873,0 мың теңгеге ұлғайтылып, ал трансферттер 314 816,0 мың теңгеге азайтылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет кіріс бөлігі жоспардағы
9 121 130,0 мың теңгенің орнына 9 243 654,5 мың теңгеге немесе 101,3% орындалды.
Жеке кірістердің орындалуы 104,9% орындалып, жоспарлы 2 494 832,0 мың теңгенің орнына 2 617 356,5 мың теңге түсті немесе жеке кірістер 122 524,5 мың теңгеге жоспардан артық орындалды.
Сауран ауданының және ауылдардың 2023 жылдың қорытындысымен бюджеттің шығыс бөлігі қаржыландыру жоспарындағы 9 446 571,0 мың теңгенің орындалуы 9 442 965,3 мың теңге яғни 100,0% болып, 3 607,0 мың теңгесі игерілмеді. (объективті 3 607,0 мың теңге)
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша қаржыландыру жоспарындағы 2 858 847,0 мың теңгенің орындалуы 2 855 441,7 мың теңге (99,9%), жалпы игерілмеген қаржы 3 371,9 мың теңге Қазақстанның 30 жылдығы елді мекені Темірқорған көшесіне орташа жөндеу, аяқ жол салу жұмыстары бойынша сот ісінің жүруіне байланысты игерілмеген. 235,1 мың теңге еңбекақы мен өзге де ағымдағы шығындардан үнемделген қаржы.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ақпараттық жүйелерді функционалдық міндеттерді орындау барысында пайдаланған. Барлық іс қағаздар электрондық құжат нысанында рәсімделіп жүргізілуде. Ақпараттық жүйелерді бұзу деректері анықталмады.
Осыған орай, талдау қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға келесі ұсынылады:
Б.Полатов
И.Мырзахметов
Қ.Таукебаев
А.Қанағат
Д.Асылбек
А.Патсаев
Ж.Мирзабеков
С.Шакиров
Ж.Жумабекова
Н.Тажыбеков
Е.Досжан