Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«БЕКІТЕМІН»

Сауран ауданы әкімі 

аппаратының басшысы

___________ Б. Полатов

«     » маусым 2024 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

р/с№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Жер қатынастары бөлімінде Мемлекеттік актіні екіге бөлу, коммерциялық келісім-шарт жасау,  жер учаскесін жалға беру туралы шарт жасау және дайын құжаттарды табыстау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды жүзеге асыруға өткізу

Түркістан облысының жер қатынастары басқармасына және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына ұсыныс жолдау

А.Патсаев

31.07.2024 ж.

2

Стационарлық емес сауда объектілерінің бағыттарын белгілеудің қажеттігін алып тастау. Себебі, бағыттарды белгіленген күнде оның жүзеге асуын қадағалау мүмкін емес. Сондай-ақ жалға беру ережесін бекіту қажеттігі жоғары. Ережені бекіту қағидада көрсетілмеген жағдайда, Әділет мекемесі тіркеуден бас тартады және заңсыз болып табылады.

Өзгеріс енгізілген бұйрық қабылдауға ұсыныс жолдау

С.Шакиров

31.07.2024 ж.

3

Зейнеткерлердің  санаторияға кезекке тұруын халыққа қызметкер көрсету орталығы арқылы немесе электронды түрде ету

Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына ұсыныс жолдау

Д.Асылбек

31.07.2024 ж.

4

Атаулы әлеуметтік көмек ұсынуда құжат айналымын жойып, толық электронды ету

Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына ұсыныс жолдау

Д.Асылбек

31.07.2024 ж.

 

 

Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс

жүргізу бөлімінің бас инспекторы                                                                                                              Р.Тыныбек

Дата публикации
25 июня 2024