САУРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

САУРАН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарашық  ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 21  сәуірінде  жексенбі күні өткізілді. Сайлау процесіне  Қарашық  ауылдық округіндегі 4 сайлау учаскесі қатысты.

№ 73   «Тұран» жалпы білім беру мектебі –  1532 адам

№ 74   «Қарашық» жалпы білім беру мектебі – 1397 адам

№ 78   «Құмтүйін»  жалпы білім беру мектебі –   703 адам

№896  «Тұран» шаруа қожалығының ғимараты  – 1643 адам

Барлығы  5275  адам сайлаушы тізімге енгізілді.

 

Сайлауға қатысқан азаматтардың жалпы саны – 2706  адам.

Дауысқа 2 кандидат түсті.

  1. Абдигапбаров Айдын Габитович – 04.04.1989 жылы туылған, Сауран аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі, ұлты қазақ, білімі жоғары, өзін-өзі ұсынған. Мамандығы: Құрылыс саласы.

Сайлаушылардың – 451  дауысын жинады.

  1. Уразбаев Сакен Есенкелдиевич – 01.03.1976 жылы туылған, Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, ұлты қазақ, білімі жоғары, “АМАNАТ” партиясынан ұсынылған. Мамандығы: агроном, құқықтану.

Сайлаушылардың – 2175  дауысын жинап басым дауыспен Қарашық  ауылдық округі әкімі болып сайланды.

 

Дата публикации
22 апреля 2024