Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Аудандық сайлау комиссиясы Сауран ауданы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен сайланған Сауран аудандық мәслихатының депутаты Маткәрімұлы Абсамат «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалы саяси кеңесі Бюросының 2024 жылғы 9 ақпандағы №005hs қаулысымен «AMANAT» партиясының мүшелігінен шығарылуына байланысты, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 ақпандағы №5 шешімімен оның депутаттық өкілеттігін жоғалтқандығын хабарлайды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы