Сауран ауданы әкімдігінің «Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жасыл Сауран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурс өткізу мерзімі: Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін 15 күнтізбелік күні өткен соң белгілейді.
Мекеменің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені М.Темірбаев көшесі №30 үй
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары,басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.
Қатысушыға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін (Жалпы және Ерекше бөлімдері), ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңдарын, осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Жасыл Сауран» КММ-ның негізгі функционалдық бағыттары: Аудан тұрғындарына мекеменің жарғысына сәйкес қызметтерді көрсету, басқа да коммуналдық қызметтерді көрсету; елді мекендерді көгалдандыру, көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және құрылыс жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
«Сауран Су» МКК директорының функционалдық міндеттері: Мекеменің өндірістік-шарушылық қызметін ұйымдастырады. Мекеменің қызметіне ағымдағы басшылықты жүргізеді, ұжымның әлеуметтік даму жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Ұжымдық, еңбек-шарт жасап, оны орындауды, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады;
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімінде, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық денгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондау-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені, М.Темірбаев көшесі №30 үй Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі орналасқан мекенжайы бойынша қабылданады. Почталық индекс: 161221. Электронды почта: sauran.jkh@mail.ru. Толық ақпаратты +7 (777) 677 56 03 телефоны бойынша алуға болады
Конкурс өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені, М.Темірбаев көшесі №30 үй.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға келу-кету, жатар орнына жұмсалған қаражаттары өз есебінен.
Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі