ХАТТАМАСЫ
Сауран ауданы 14.12.2023 жыл. Сағ:10:00-де
Шорнақ ауылы
КҮН ТӘРТІБІ: Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау туралы комиссия отырысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес Сауран аудандық газетіне жарияланған Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты ауылшаруашылығы мақсатындағы суармалы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табыстауға 2023 жылдың 14 желтоқсан күні белгіленген конкурстық комиссияға жалпы саны 42 лот бойынша өтінімдер қабылданды.
Сауран ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы Садибаев Серик Умирханович Сауран ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы №13 санды шешімімен құрылған Сауран аудандық жер комиссиясының құрамымен таныстырып конкурстық жер комиссиясын өткізуге құрамы жеткіліксіз екендігін атап өтіп конкурстық жер комиссиясының уақытын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдап, алдағы уақытта БАҚ-қа әлеуметтік желіге қайта жариялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия жүргізушісі Оринбасаров Шерхан Жолдыбайұлына тапсырылды.
C.Садибаев Сауран ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы;
Ш. Оринбасаров Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маман, комиссия хатшысы;