Түркістан облысы                        Сауран ауданының әкімдігі Қ А У Л Ы            « 16» тамыз  2023  жыл                                                                                     №223

Түркістан облысы                       

Сауран ауданының әкімдігі

Қ А У Л Ы

          

« 16» тамыз  2023  жыл                                                                                     №223

 


Мемлекет мұқтажы үшін алып

қоюға байланысты жер учаскесін
немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің          2021 жылғы 13 мамырдағы №316  шекараны өзгерту туралы қаулысы негізінде Түркістан облысы аумағынан Сауран ауданының құрылуына байланысты және 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы  ретінде дамыту жөніндегі  бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» №762 қаулысына және Облыс әкімі Ө.Шөкеевтың 2021 жылғы                14 сәуірдегі №1-30 санды хаттамалық тапсырмасына және Жерге орналастыру жобасы мен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 04.08.2023 жылғы №2775 санды хатына  сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу-2» құру мақсатында жоспарланған жер телімдері Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округі аумағынан «Сексеуіл тұқымдас ағаш көшеттерін отырғызу үшін» қосымшада көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі тарапынан жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін берілу мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш ай белгіленсін.
  4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі Ы.Алтынсарин

көшесі №20 орналасқан «Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.

  1. Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығының және анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.

 

 

 

Сауран ауданының әкімі                                            Ғ.Үсенбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауран ауданы әкімдігінің
« 16 » тамыз 2023  жылғы
№223 қаулысына

қосымшасы
 


 

№

Аты-жөні

Мекен жайы

Кадастрлық номері

Жалпы алаңы, га

Алынатын алаңы, га

1

Мусабеков Куанышбек Байдуллаевич

Иассы а/о

19-331-060-027

66

66

3

Нисанбаев Оразгельди Кобеевич

Иассы а/о

19-331-060-010

50

50

Барлығы

116

116

 

Дата публикации
18 августа 2023