Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 4 сәуірдегі № 22 шешімі
Сауран ауданы, Жүйнек
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 3, 4-тармақтары негізінде Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Сауран аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы О.Амреев
Сауран аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Айтбай
Сауран аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2023 жылғы 4 сәуірдегі
№ 22 шешіміне қосымша
2023 жылдың 14 мамырына тағайындалған Түркістан облысы,
Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Жүйнек ауылдық округ әкімін (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, қырық күн бұрын. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде 14 мамыр, 2023 жыл (113-1-б. 2-т, 3б.) |
|
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 12 сәуірден кешіктірмей. (22-б.) |
||
|
3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
||
|
|
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 12 сәуірден кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
|
|
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
||
|
|
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 17 сәуірден кешіктірмей. (17-б. 2-т.)
|
|
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
||
|
|
Аудан әкімдігі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2023 жылдың 17 мамырдан кешіктірмей. (23-б. 5-т.)
|
|
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
|
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен – 2023 жылғы 5 сәуірден басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда – 2023 жылдың 29 сәуірде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 1-т.)
|
|
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
||
|
|
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)
|
|
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
|
|
9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б.) |
|
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2023 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. |
|
||
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну. |
|
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде. (113-5-б. 4-т.)
|
|
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
||
|
|
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін сайлау күніне он күн қалғанда 2023 жылғы 04 мамырда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-5-б.) |
|
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
||
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
|
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен 2023 жылдың 25 сәуір күні сағат 18.00- ден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні 2023 жылдың 12 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б. 4-т.)
|
|
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|
||
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылдың 24 сәуірге дейін. (24-б. 5-т.)
|
|
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
||
|
|
Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылдың 04 мамырдан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 4 мамырдан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|
||
|
|
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2023 жылдың 11 мамырдан ерте емес және 13 мамырдан кешіктірмей. (37-б. 3-т.)
|
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда, 2023 жылғы 14 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де. (40-б. 1-т.) |
|
|
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау күні, 2023 жылғы 14 мамырда, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін. (38-б. 1-т.) |
|
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. 2023 жылғы 14 мамырда, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. (43-б. 8-т.) |
|
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу. (113-8-б. 1-т.) |
|
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу. |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей. (113-10-б.) |
|
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап төрт күннен кешiктiрмей 2023 жылдың 19 мамырдан кешіктірмей. (44-б.)
|
|
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру. |
|
||
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2023 жылдың 20 мамырдан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
|
|
Ескертпе:Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлау мерзімі -2022 жылғы 18 желтоқсанына тағайындалған. Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.