Жоба
Сауран ауданының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2023-2024 жылдарға
арналған жоспарын бекіту туралы
ШЕШТІ:
Аудандық мәслихат
хатшысы М.Күмпейсіп
Сауран аудандық мәслихатының
2023 жылғы «__»____________ №_______
шешімімен бекітілген
Сауран ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспары
Осы Сауран ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін, жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Ауданның солтүстігінде Созақ ауданымен, оңтүстігінде Отырар ауданымен, шығысында Бәйдібек ауданымен, оңтүстік-шығысында Ордабасы ауданымен, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.
Аудан 12 ауыл, 36 елді мекеннен құралған. Аудан орталығы Шорнақ ауылы.
Сауран ауданы — Түркістан облысы аумағында "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңына сәйкес 2021 жылдың 12 наурызы күні құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шорнақ ауылы.
Сауран ауданының барлық жер көлемі 721 745 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 388 843 гектар, суармалы егістік 44 441 гектар, шабындық жерлер 3257 гектар, жайылымдар 344 402 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 7168 гектар;
елді мекендердің жерлері 62 273 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 6729 гектар;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 39424;
орман қорының жерлері 66 145;
су қорының жерлері 2429 гектар;
Арнайы жер қорының жерлері – 155 903:
Мазмұны:
1 Табиғаты
2 Климаты
3 Гидрографиясы
4 Ауыл шаруашылығы
Табиғаты:
Сауран ауданы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан. Қорық ерекше қорғалатын аймақ. Оның жалпы көлемі 39424 гектар Сауран ауданының меншігіне жатады. Қорықтың жері Түркістан облысының Кентау қаласы, Созақ, Бәйдібек, аудандарымен және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.
Климаты
Қаратау тауының етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 160-180 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдығы 330-390 миллиметр. Қыс айларында қардың қалыңдығы 20-40 сантиметрге барады. Ұзақтығы 120-160 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді.
Аудан аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғылдықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) қалыптасқан.
Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық. Жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды. Бірақ көп жатпай, тез еріп кетеді. Ең суық ай –қаңтардың орташа темпратырасы – 8-10 градус суық. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, ақпан наурыз айында ери бастайды.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 метр секунд. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4) ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.
Сауран ауданы Қаратау бөктерінің Оңтүстік Батыс аймағынан жазықтық жерлерге ауыспалы аймақта орналасқан. Аудан аумағының Солтүстік Шығыс пен Оңтүстік Шығыс бөлігі таулы негіздегі жазықтық болып табылады. Жазықтың биіктігі 430-500 м. Батыс бөлігіндегі жазықтықтың биіктігі 405-470 м.
Орташа аязсыз кезең ұзақтығы 185-200 күн. Жылдық ылғал көлемі 425-457 мм, 10 градустан жоғары кезеңде ылғылдың түсуі 130-250 мм.
Халқымызды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, бірінші кезекте мал шаруашылығы азығының негізі болып табылатын - табиғи жайылымдарды тиімді падалану болып табылады.
Гидрографиясы:
Өзендер: Сырдария өзені-ұзындығы 95 километр, Қарашық өзені-50 километр, Шылбыр өзені 20 километр, Жаңақорған өзені 30 киломертр, Иқан су өзені 35 километр. Жалпы 230 километр.
Бөгендер мен тоғандар:
«Қосқорған» су қоймасы, сыйымдылығы 37,3 миллион м3;
«Ақтөбе» су бөгені, сыйымдылығы 7,74 миллион м3;
«Шерт» су қоймасы, сыйымдылығы 2,7 миллион м3;
«Сасықбұлақ» су қоймасы, сыйымдылығы 5,5 миллион м3;
«Майдантал» су бөгені, сыйымдылығы 8,5 миллион м3;
«Ойық» су бөгені, сыйымдылығы 0,5 миллион м3;
«Шылбыр» су бөгені, сыйымдылығы 4,85 миллион м3;
Бүгінгі заман талабына сәйкес қалыптасып отырған меншік иелері үшін табиғи жайылымды сақтау мен пайдалану арасындағы қатынасты сақтай отырып, мал шаруашылығын тұрақты дамыту талабы кезек күттірмейтін міндет. Әрине, бұл мәселені шешудің төте жолы - жайылымдық жерлердің жағдайын жақсарту шараларын іске асырып, жайылымдарды тиімді де ұтымды пайдалану болып табылады.
Ауыл шаруашылығы:
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 388 843 гектар, суармалы егістік 44 441 гектар, шабындық жерлер 3257 гектар, жайылымдар 344 402 гектар.
Сауран ауданы бойынша ірі қара 88 218, қой және ешкі 460 986, жылқы 16 726, түйе 3576 басқа жетті.