КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурс өткiзу мерзiмi: Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейiн 15 күнтізбелік күнi өткен соң белгiлейдi.
Конкурс өткiзiлетiн орын: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені Ы.Алтынсарин көшесі №20 үйде орналасқан Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты
Мекеменiң мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені Ы.Алтынсарин көшесі №20 үй
Қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: Біліктілігіне қойылатын талаптар: Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, медициналық) білім және халықты әлеуметтік қорғау немесе тиісті бейіндегі ұйымдардағы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 226964 теңгеден 275188 теңге дейін.
Бiлуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы);
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Неке және отбасы туралы кодекс);
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң);
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Тіл туралы заң);
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заң);
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заң);
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Баланың құқықтары туралы заң);
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заң);
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң);
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң);
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң);
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң);
балаларға, мүгедектігі бар балаларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ұйымының бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;
социология, психопатология негіздерін, балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға көмектің психологиялық-әлеуметтік аспектілерін;
психопрофилактика негіздерін;
әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибені;
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін;
ақпарат жинау және талдау тәсілдерін;
экстремалды ахуалдарды анықтау әдістерін;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын (бұдан әрі - Өрт қауiпсiздiгi қағидалары)
Лауазымдық міндеттері:
құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) жұмысына жалпы басқаруды жүзеге асырады;
жұмыс жоспарларын даярлауды жүзеге асырады, бөлімше қызметкерлері қызметінің нақты бағыттарын айқындайды;
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкін қалыптастырады және жүргізеді;
қызметтер кешенін көрсету жөнінде қажетті құжаттаманы әзірлейді;
көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасының нәтижелерін және олардың әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі – контингент) сұранысына сәйкестігін талдайды; контингенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ұйымдармен қызметтер, оның ішінде медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету жөнінде өзара іс-әрекет етуді жүзеге асырады;
контингенттің өтініштері мен ұсыныстарын қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
бөлімше қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша жұмысқа талдау жүргізеді және шаралар қабылдайды;
оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
әлеуметтік жұмыс мәселелері жөнінде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және қолданады;
ұйымдармен өзара байланыс және олармен тиімді ынтымақтастық бойынша жұмысты жүзеге асырады;
бөлімше жұмысында жаңаша технологияны қолданады;
қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені Ы.Алтынсарин көшесі №20 үй Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасқан мекенжайы бойынша қабылданады. Почталық индекс: 161221. Электронды почта: Sauran_Szn@mail.ru Толық ақпаратты +7 (778) 3700531 телефоны бойынша алуға болады
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Сауран ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.