Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына «Аmanat» партиясынан үміткер Ганиев Адашжон Шакаримович

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына «Аmanat» партиясынан үміткер Ганиев Адашжон Шакаримович

­

Өмірбаяны

Ганиев Адашжон Шакаримович 1974 жылы 12 қаңтарда Түркістан қаласы, Қарашық ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Коммунизм колхозындағы «Коммунизм» орта мектебіне қабылданған. 1987 жылы Қарашық ауылындағы «Победа» орта мектебіне ауысып, 1990 жылы  мектепті күміс медальмен  бітірген.

1990 жылы Ташкент қаласындағы А.Р.Беруни атындағы Ташкент Политехникалық инситутының «Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ташкент мемлекеттік техникалық университетін инженер-системотехник біліктілігі бойынша 1995 жылы тамамдаған.

1995 жылы «Өзбекстан темір жолы» Мемлекеттік Акционерлік теміржол компаниясының Ақпараттық есептеу орталығында инженер болып жұмысқа орналасқан. 1997 жылы «Өзбекстан темір жолы» Мемлекеттік Акционерлік теміржол компаниясының Ақпараттық есептеу орталығында 2 санатты инженер-технолог қызметін атқарады. 2000-2002 жылдар аралығында «Өзбекстан темір жолы» Мемлекеттік Акционерлік теміржол компаниясының Статистика, ақпарат және есептеу орталығында 2 санатты инженер-технолог, 1 санатты инженер-технолог болып жұмыс жасайды.

2004-2007 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Гуманитарлық–педагогикалық институтында инженер–бағдарламашы болып жұмыс жасаған. 2007-2008 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы «Болашақ» экономика және заң колледжінің информатика пәндерінің оқытушысы, 2008-2009 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

2009-2012 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2012-2020 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары жұмыстан қол үзбей, Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Жолаушы» БПҰ төрағасы қызметін қосымша атқарған. 2020 жылдан  жеке кәсіпкерлікпен айналысады. «Аmanat» партиясының мүшесі.

 

 

Бағдарламасы

Қарашық ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, ауылдық округ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Ауылдық округ тұрғындарын және ауылдағы өзекті мәселелерді біле отырып, менің әкім ретіндегі міндетім-заңнама аясында және өз өкілеттілігім шегінде ауылды және азаматтарды кәсіби басқару, олардың мүдделерін білдіру және қорғау. Ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде депутаттармен, жұртшылықпен, өндірісшілермен және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу және ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өз бағдарламамды ұсынамын.

- Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау.

- Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету;

- Ауылдық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселені шешу;

- Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мен кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу;

- Ауыл жастары спортпен шұғылдандыруға атсалысу;

- Жастар аллеясын құру;

 - Ұялы байланыстың сапасын жақсарту;

- Көшелерді жарықтандыру;

- Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша халықтың ұсынысы ескере отырып жұмыс істеу;

- Қарашық елді мекені С.Жамалов, Қарашық көшелері, Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;

- Қарашық елді мекенінде Ш.Уалиханов көшесі және Құмтүйін елді мекеніндегі Шора Қожахметов көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу;

- Қарашық елді мекені Астана, Міртемір және М.Мажитов көшелеріне электр кернеуі төмен болуына байланысты трансформаторлар орнату жұмыстарын жүргізу;

- Түркістан-Қарнақ тас жолы мен Қарашық-Құмтүйін тас жол қиылысында  бағдаршам орнату жұмыстарын жүргізу;

- Қарашық ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Дата публикации
09 декабря 2022