Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Жасибаев Сержан Махамбетович    

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Жасибаев Сержан Махамбетович    

 

Өмірбаяны

 

Жасибаев Сержан Махамбетович 1980 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы,  Сауран ауданы Құмтүйін ауылында туылған. 1997 жылы Құмтүйін ауылындағы Құмтүйін жалпы орта мектебін бітірген. 1997-2001 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де дінтану және араб тілінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуды бітірген.

2003-2004 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Тарих және гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы, 2004-2007 жылдар аралығында Түркістан қаласы этнопедогогикалық колледжінде физика-математика пәндерінің оқытушысы, 2007-2008 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала жетекші маманы міндетін атқарушы қызметін атқарды.

2008-2010 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала жетекші маманы, 2010-2011 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2011-2020 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, 2020-2022 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болды. 2022 жылы Қарашық ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

 

Бағдарламасы

- 2023 жылға Қарашық Құмтүйін елді мекендеріндегі елді мекенін шегіне кірген жерлерді арнайы қорға қайтарып инфрақұрылым жүргізуге жұмыс жасау;

- 2023 жылы Қарашық елді мекеніндегі Түркістан, Қарнақ, Қарашық, Құмтүйін тас жолы қиылысына бағдаршам және жол кедергілерін қою жұмыстарын жүргізу;

- 2023 жылы Қарашық елді мекеніне 5 дана трансформатор Құмтүйін елді мекеніне 1 дана трансформатор қою жұмыстарын жүргізу;

- 2024 жылы Қарашық елді мекеніне 1200 орындық Құмтүйін елді мекеніне 900 орындық жайлы мектеп салуға жұмыстар жүргіземін;

- 2024 жылға Қарашық, Құмтүйін елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізу;

- Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан  қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін;

- 2023 жылы Құмтүйін елді мекеніне бір көшеге асфальт салуға және 2024 жылы Қарашық елді мекеніне 2 көшеге асфальт салуға жұмыс жүргіземін;

- 2025 жылы Қарашық елді мекеніне таза ауыз суға қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын жүргіземін.

- Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;

- Ауылдан  шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға үлес қосамын.

Дата публикации
09 декабря 2022