Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Бабаханов Илес Зияитдинович  

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Бабаханов Илес Зияитдинович  

 

Өмірбаяны

 

              Бабаханов Илес Зияитдинович 21.04.1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Жүйнек ауылында дүниеге келген. 2012-2014 жылдары «Жүйнек-су» СТК-нің есепшісі, 2014-2017 жылдары «Жүйнек ауыл округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі статистика инспекторы қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары «Шамшырақ» МКК балабақшасында есепші, 2020 жылдан Жүйнек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келеді.

Бағдарламасы

 

- Қарашық қалашығы төңірегінде туристік бағдарламалардың жасалуына күш саламын;

- Қарашық ауылының кенті, қала статусын алуына ықпал жасай отырып, оның жобасын жасатуға тырысамын;

-  Президент саясатын белсене жүргізе отырып, ел арасында оның кең көлемде таралуына, насихатталуын басты міндетім деп білемін;

         - Елдің бірлігін, ынтымағын ұйыстыра отырып, ұлтаралық қатынастың дамуына мүдделі боламын;

         - Қарашық елді мекенінде инфраструктураның дамуын өзімнің міндетім деп түсінемін;

- Елді мекенде қоғамдық көліктің ашылуын, орта оқу орындарында білім сапасының артуын бақылауға аламын;

- Халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысының сапалылығын назарда ұстаймын;

- Қарашық елді мекен тұрғындарының әл – ауқатын жақсартуға күш саламын.

Дата публикации
09 декабря 2022