Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Расулов Абдусаттар Маушович

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Расулов Абдусаттар Маушович

 

Өмірбаяны

Расулов Абдусаттар Маушович 13.03.1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылында туылған. 2007 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігі Ескі Иқан ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне жетекші маман қызметін атқарған. 2019 жылдан Кентау қаласы әкімдігі Ескі Иқан ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне әкім орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

Бағдарламасы

- Ауыл тұрғындарына жақын бола отырып, олардың тұрмыс – тіршілігімен етене араласуды мақсат етемін;

- Сонымен бірге ел саясатын жүргізуді өзіме мүдде тұтамын;

- Үкімет белгілеген бағдарламалардың орындалуын бақылай отырып, оның орындалуын қадағалаймын;

- Жетім, жесір, тұрмысы нашар отбасы жағдайларымен күнделікті бақылауда боламын;

- Қарттардың, мүгедек жандардың да тыныс – тіршілігін қадағалауды және әрдайым қолдауда боламын;

- Қарашық  ауыл шаруашылығына қатысты шешуін таппаған мәселе көп. Бұл мәселені мен жоғары орындарға талап ретінде қоюға ұмтыламын;                              

Дата публикации
09 декабря 2022