Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 қарашадағы № 36 шешімі

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 10 қарашадағы № 36 шешімі

 

 

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық                   

округінің әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Қарашық сайлау округі – Қарашық ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Қарашық сайлау округі мен оның шекарасы және Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат

(1-қосымша) Сауран аудандық әкімдігінің интернет-бетінде және «Сауран» газетінде  жариялансын.

 

 

 

 

 

        Сауран аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы                           О.Амреев

 

         Сауран аудандық аумақтық

       сайлау комиссиясының Хатшысы                      Н.Тасболат

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

Қарашық сайлау округі мен оның шекарасы және Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Қарашық сайлау округінің шекарасы – Қарашық ауылдық округінің аумағы  (Қарашық және Құмтүйін ауылдары).

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 20 үй (Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).

Дата публикации
18 ноября 2022