Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ

Сауран ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

 

 

«19»  қазан  2022 ж.                                                                   №303

 

 

Мемлекет мұқтажы

үшін жер учаскелерін

мәжбүрлеп иеліктен

шығару туралы

 

 

ҚР Жер кодексінің 84, 85, 88, 89-баптарына және ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының 31, 37-баптарына, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына және «Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 17.10.2022 жылғы №04-02-18/1230 санды хатына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сауран ауданы әкімдігінің Иассы ауылдық округі аумағы шегінде орналасқан «Жайлы мектеп» құрылысын салу мақсатында осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш ай белгіленсін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Сауран ауданы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округі Ы.Алтынсарин көшесі №20 орналасқан «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласу іс шаралары ұйымдастырылсын.
  4. «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелері бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын. Жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
  5. Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі жер өзгерістер есебін жүргізсін.
  6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.

 

 

Сауран ауданының әкімі                                               Ғ.Рысбеков  

 

Дата публикации
20 октября 2022