Сауран ауданының әкімдігі
Қ А У Л Ы
«17» қазан 2022 ж. №301
Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскелерін мәжбүрлеп
иеліктен шығару туралы
ҚР Жер кодексінің 84, 85, 88, 89-баптарына және ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының 31, 37-баптарына, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңына, ҚР Президентінің 01.09.2021 жылғы жолдауы мен 13.09.2021 жылғы №659 жарлығын орындау бойынша, «Жайылымдық жерді тиімді пайдалану мақсатында» және Сауран ауданы прокуратурасының 31.10.2021 жылғы №2-12-21-00591 заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынысына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сауран ауданы әкімдігінің Майдантал ауылдық округі аумағы шегінде орналасқан жайылымдарды ортақ жайылымға қосып ұлғайтуға және жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру мақсатында осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш ай белгіленсін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Сауран ауданы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округі Ы.Алтынсарин көшесі №20 орналасқан «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласу іс шаралары ұйымдастырылсын.
- «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелері бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын. Жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
- Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі жер өзгерістер есебін жүргізсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.
Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков