|
р/с № |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Түркістан облысы Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінің «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалы–телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 09-06-18/218, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 09-06-18/254 хаттарына сәйкес әзірленген.Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағының 5-1 тармақшасына сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдары қауымдық сервитуттар белгілейді.Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес қауымдық сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде белгiленуi мүмкiн. Қауымдық сервитуттар магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін белгіленуі мүмкін.Жоғарыдағылардың негізінде, осы қаулы жобасы дайындалды. |
|
3 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар |
Қаулы жобасының қабылдануы кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар туғызбайды |
|
4 |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар және нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері |
Түркістан облысы Сауран ауданындағы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленіп жатқан жер учаскелерінде жеке және заңды тұлғаларға тұрғын үй және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, шаруа қожалығын жүргізу үшін, кәсіпкерлік үшін және тағы басқада нысандар үшін берілген жер учаскелерінің кадастрлық номерлерінің өзгеруіне байланысты келтірілген шығындар «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының есебінен жүргізіледі. Ал басқа кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының ұлғаюына немесе азаюына алып келмейді. |
|
5 |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларының талаптарын орындау
|
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған нормативті актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Аталған жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын құқықтық актілер қабылданбаған. |
|
7 |
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Талап етілмейді |
|
8 |
Өзге де мәліметтер |
Талап етілмейді |
Бөлім басшысы Ш.Алиханов
Орын. С.Асылхан
Тел. 87784141995