Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №316 шекараны өзгерту туралы қаулысы негізінде Түркістан облысы аумағынан Сауран ауданының құрылуына байланысты және 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» №762 қаулысына және «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы Р.Ибрагимовтың 13.01.2022 жылғы №30-07-07/48 санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Сауран ауданы Иассы ауылдық округі аумағынан «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жолды қайта құру (70 шқ)» үшін жалпы алаңы 98,8045 га жер учаскесінде орналасқан №1 қосымшада көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
2.Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі тарапынан жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін берілу мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3.Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш ай белгіленсін.
Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков