Мәслихат депутаттығына кандидаттарға ТАЛАПТАР МЕН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Мәслихат депутаттығына кандидаттарға

ТАЛАПТАР МЕН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы

88-бап

3 тармағы:Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

33-бап

  1. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
  2. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.

104 бап:

Партиядан немесе қоғамдық бірлестіктерден ұсынса

Өзін- өзі ұсынса

  1. Партия, ҚБ жарғысынан (депутаттыққа ұсыну құқығын берітіндігі туралы) үзінді көшірме;
  2. саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
  3. Партияның, ҚБ конференцияның хаттамасынан үзiндi көшiрме;
  4. Азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;
  5. Өмірбаяндық деректері;
  6. Кандидаттың жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге);
  7. Мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;
  8. Кандидаттың саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат
  9. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);
  10. Диплом көшірмесі;
  11. Сурет 3*4- 2 дана.  
  1. Кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;
  2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
  3. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
  4. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге).
  5. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы);
  6. Диплом көшірмесі;
  7. Сурет 3*4- 2 дана.
Дата публикации
14 октября 2026