Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 31

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Сауран аудандық мәслихаты

депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2026 жылғы 13 қазандағы № № 60/98 қаулысын басшылыққа алып, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Сауран аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.  

3.Осы қаулы Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

      Төраға                                        М.Казиханов

 

Хатшы                                        Н.Ибраев 

Дата публикации
13 октября 2026