Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын кейінге қалдыру хаттамасы
Шорнақ ауылы « ___»____________2026 жыл
Қатысушылар:
Садибаев Серік Өмірханұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Патсаев Асылбек Мухтарұлы – аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы, комиссия мүшесі.
Өтепбаев Жанболат Мырзабайұлы – аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман- комиссия хатшысы;
Күн тәртібіндегі мәселе:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын кейінге қалдыру мәселесі.
Жиналысты комиссия төрағасы С. Садибаев ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды да, сөз кезегін комиссия хатшысына берді.
Сөз алған комиссия хатшысы Ж. Өтепбаев ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне жоспарланған конкурстың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 13-тармағына сәйкес жер комиссиясы арқылы өткізілуі тиіс екенін атап өтті.
Алайда, комиссия төрағасы С. Садибаев 2026 жылдың 11–20 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасында өтетін «Шыңжаң-Тарбағатай Бақты форумы» халықаралық іс-шарасына Сауран ауданының әлеуетін таныстыру, бірлескен жобаларды қарастыру және ынтымақтастықты нығайту мақсатында іссапарда болатындығы хабарланды.
Осыған байланысты, аудандық жер комиссиясы мүшелерінің толық құрамда қатысуы мүмкін еместігі ескеріліп, конкурсты өткізуді кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасалды.
Жиынға қатысушы комиссия төрағасы мен мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі конкурстың кейінге қалдырылғаны туралы хабарламаны облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялайды. Конкурс 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де қайта өткізілетін болады.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Сауран ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс аудандық жер комиссиясы мүшелерінің толық құрамда қатысу мүмкіндігінің болмауына байланысты кейінге қалдырылсын.
Конкурсты қайта өткізу күні 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат 10:00-ге белгіленсін.
Осы хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет ресурстарында жариялансын.
Комиссия төрағасы С.Садибаев
Комиссия хатшысы Ж.Өтепбаев