Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а. Ә.Бектұрғановпен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Сауран ауданы әкімдігінде ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары ағымдағы жылдың 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралы арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: + 7 778 080 0770 Сартбаев Серғали Аманғалиұлы – Сауран ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас маманы.
Эл почта: s.sartbaev@ontustik.gov.kz