GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізді

«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізді

 

2026 жылғы 15 қазанда «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметкерлері «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ өкілдерімен және Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жүргізу мақсатында көшпелі іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты Саран қаласы мен елді мекендердің аумақтарында абаттандыру қағидаларының сақталуын тексеру болды. Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуы, санитариялық талаптардың орындалуы, тазалық пен тәртіптің сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көшпелі іс-шара барысында кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға іргелес аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстау қажеттілігі түсіндіріліп, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

Мұндай іс-шаралар тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға және Саран қаласының көрікті келбетін жақсартуға бағытталған.

03 августа 2026
О проведении анализа коррупционных рисков

«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2026 жылдың 1 тамызынан бастап 2026 жылдың 16 қыркүйегіне дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

02 июля 2026
Құрметті ұйымдардың, мердігер ұйымдардың басшылары және жер қазу техникасының иелері!

«Қазақтелеком» АҚ жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын оларды жер асты инженерлік коммуникацияларының иелерімен міндетті түрде келісу қажеттігін еске салады.

Келісілмей жүргізілген жер қазу жұмыстары байланыс кабельдерінің зақымдануына, телекоммуникация желілерінің жұмысының бұзылуына, халыққа, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға көрсетілетін байланыс қызметтерінің үзілуіне, сондай-ақ кінәлі тұлғалардың материалдық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.

Апаттық жағдайлардың алдын алу және байланыс желілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын жұмыстар жүргізілетін орынды келісу және байланыс кабельдерінің өту бағытын нақтылау үшін «Қазақтелеком» АҚ-ға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Жер қазу жұмыстарын келісу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қысқа нөмір – 1437.

Жер қазу жұмыстарын уақытылы келісу байланыс желілерінің зақымдануының алдын алуға, апаттардың туындауына жол бермеуге және байланыс қызметтерінің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастықтарыңызға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

30 апреля 2026
Мереке күніндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.

Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр -  кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

02 марта 2026
Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.

Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.

Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.

11 февраля 2026
Баспасөз хабарламасы Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

27 августа 2025
Құқықтық көмек бір ғана басу арқылы: eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша ұсыныстар іске асырылды

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.

Жаңартылған сервистер халыққа құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша қарапайым және түсінікті кеңестерді, құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру құралдарын, қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102-ге, «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелерді ұсынады.

Осыған ұқсас GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске асырылды.

# Заң_мен Тәртіп

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

27 мая 2025
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтар тізбесі.

Көрсетілетін қызметтердің ашықтығын арттыру және сапасын жақсарту мақсатында «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтардан жиі қойылатын сұрақтардың іріктеуін дайындады.

Кестеде келесі тақырыптар бойынша қысқаша және толық жауаптарды таба аласыз:
• Жоспарланған аумақ құрылысы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
• Құрылысқа немесе қайта жаңартуға рұқсатты қалай ресімдеуге болады?
• Сыртқы жарнамаға қандай талаптар қойылады?

Әрбір жауап нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелерді және тақырыпқа тезірек бағдарлауға көмектесетін негізгі сөздерді қамтиды.

12 мая 2025
«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2025 жылғы 16 маусымға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

11 марта 2025
Саран қаласы әкімінің халықпен кездесуі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы