«Саран қаласының сəулет жəне қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылға арналған жоспарлары
- Қала мен кенттің сәулеттік келбетін жақсарту;
- Қолайлы өмір сүру ортасын құру (скверлердің эскизін әзірлеу, қасбеттерді жаңарту, жер учаскелерін беру);
- РТБ шағын ауданын дамыту (РТБ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру бойынша жұмыс);
- Тұрғын үйді іске қосудың жыл сайынғы өсімін қамтамасыз ету;
- Қала және кент аумақтарын ұтымды және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету;
- Сыртқы көрнекі жарнама объектілеріне мониторинг жүргізу;
- Шағын және орта бизнес нысандарының сыртқы келбетін визуалды тексеру;
- Жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, құқық белгілейтін құжаттарсыз жылжымайтын мүлік объектілерін және жер учаскелерін анықтау, оның ішінде жер учаскелерін одан әрі қалыптастыру және сауда-саттықта беру үшін оларды зерттеп-қарау мақсатында жер учаскелеріне нақты шығу;
- Құрылысы аяқталған жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланатын және пайдалануға беруге рұқсат алудан жалтаратын тұлғаларды анықтау.
Дата публикации
27 февраля 2022