мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
|
Анықтама: 1) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 2) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру; 3)эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу; 4)объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру; 5) облыстық, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін келісу; 6)Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; 7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру 8) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру. |
- салынып жатқан және салынуы жоспарланған объектілердің мониторингі;
- объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;
- сыртқы көрнекі жарнама объектілерінің мониторингі;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ШОБ нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету (әлеуметтік қорғау бөлімімен бірлесіп);
- шағын және орта бизнес нысандарының сыртқы келбетін визуалды тексеру;
- азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін 2021 жылы "Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ келесі жұмыстар жүргізілді:
Құрылыс салуды одан әрі ұйымдастыру үшін Саран қаласының РТБ шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы шағын ауданның әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысын дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын анықтауға, қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезек жоқ, барлық өтінімдер келіп түсуіне қарай бірден қанағаттандырылады. Жер учаскелері инженерлік инфрақұрылымы бар орындарда бөлінеді.
Өткен жылы 21 801 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл 2021 жылдың жоспарына 107,9%, 2020 жылға 241,9% (9012 шаршы метр)).
|
Анықтама: 7000 ш.м - "Tau Ken Building" ЖШС Ақтас кентіндегі коммерциялық тұрғын үй (119 пәтер); 6500 ш. м. – Рабочая 2 көшесі бойынша жалға берілетін тұрғын үй №2 (100 пәтер); 3 787 ш. м. - № 13 үйді қайта жаңарту 3 ш. а. РТБ; 4514 ш.м. – жеке тұрғын үй құрылысы. |
Қала тұрғындарына барлығы 1111 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Құрылысқа, қайта жоспарлауға рұқсатты ресімдеудің белгіленген тәртібін бұзған бес объект бойынша салынып жатқан немесе салынуы жоспарланған объектілер мониторингінің нәтижелері бойынша құжаттар "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына"жіберілді.
Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" заңын бұза отырып орнатылған сыртқы көрнекі жарнама объектілерін анықтау үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтер өткізілді. Нәтижелері бойынша 12 хабарлама берілді (жарнама рұқсатсыз орналастырылды, жарнама жаңартылуға жатады) және ай сайын жарнама берушілердің сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін бюджетке төлем енгізуі үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер (жарнама объектілерінің тізімі) ұсынылды.
Ай сайын бюджетке сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін 120-160 мың теңге мөлшерінде төлем түседі. Нәтижесінде сыртқы жарнаманы орналастыру үшін бюджетке төленетін ақының жалпы сомасы 1 млн. 830 мың теңгені құрады (бұл 2021 жылдың жоспарына 101,7%).
Тұрақты негізде шағын және орта бизнес объектілерінің сыртқы келбетін фото фиксациямен тексеру жүргізілді және қасбеттер мен маңдайшаларды ретке келтіру және жаңарту қажеттігі туралы орындау мерзімімен ескерту-хаттар берілді.
Берілген ескертулердің нәтижелері бойынша қайта аралау жүргізілді және қасбеттерді, маңдайшаларды және жарнамалық объектілерді күтіп ұстау бойынша өз міндеттерін орындамаған меншік иелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Саран қаласының полиция бөліміне жіберілді.
Аралау қорытындысы бойынша Саран қаласының полиция бөліміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 5 материал жіберілді.
2021 жылы сәулет және қала құрылысының жалпы мәселелері бойынша белгіленген мерзімде қала тұрғындарынан келіп түскен 36 өтініш қаралды.