"Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысының негізгі бағыты Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу және осы бағыттан туындайтын келесі функцияларды орындау болып табылады:
Саран қаласы мен Ақтас кентінің қолданыстағы Бас жоспарына сәйкес елді мекенді дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
мемлекеттік қызметтер көрсету: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
салынып жатқан және салынуы жоспарланған объектілердің мониторингі; объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
сыртқы көрнекі жарнама объектілерінің мониторингі;
азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін, 2020 жылы бөлім мамандарымен келесі жұмыстар жүргізілді:
Жергілікті "Саран газеті" газетінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме-қпарат жарияланды.Қала тұрғындарына барлығы 795 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
жылжымайтын мүлік мекенжайын беру, нақтылау бойынша 534 анықтама;елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін таңдау 191 актісі;26 келісілген эскиздік жоба;құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде 44 бастапқы материалдар ұсынылды.Саран қаласы әкімінің тапсырмасын орындау барысында 2020 жылы жеке тұрғын үй құрылысы арқылы 3774 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,9%.
"Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ-мен бірге салынып жатқан немесе құрылысы жоспарланған объектілерді мониторингі нәтижелері бойынша құрылыс салуға рұқсат берудің белгіленген тәртібін бұзған төрт нысан бойынша құжаттар жіберілді.Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңын бұзып орналасқан сыртқы көрнекі жарнама объектілерін анықтау үшін мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізілді.
Нәтижесінде хабарламалар берілді (жарнама рұқсатсыз орналастырылған, жарнама жаңартылуға жатады) және жарнама берушілердің сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін бюджетке төлем енгізу үшін мемлекеттік кірістер басқармасына ай сайын есептер (жарнама объектілерінің тізімі) берілді.Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларының 5-параграфтың 33-тармағын орындау үшін ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау туралы сәулет бөлімімен келесі жұмыстар жүргізілді:
«Саран қаласының сәулет жәнеқала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Б. Акпаров