"Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысының негізгі бағыты Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу және осы бағыттан туындайтын келесі функцияларды орындау болып табылады:
Саран қаласы мен Ақтас кентінің қолданыстағы Бас жоспарына сәйкес елді мекенді дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік қызметтер көрсету: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру; Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу; құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; салынып жатқан және салынуы жоспарланған объектілердің мониторингі; объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу; сыртқы көрнекі жарнама объектілерінің мониторингі; азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін, 2020 жылы бөлім мамандарымен келесі жұмыстар жүргізілді:Жергілікті "Саран газеті" газетінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме-ақпарат жарияланды.Қала тұрғындарына барлығы 795 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:жылжымайтын мүлік мекенжайын беру, нақтылау бойынша 534 анықтама; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін таңдау 191 актісі; 26 келісілген эскиздік жоба;құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде 44 бастапқы материалдар ұсынылды.Саран қаласы әкімінің тапсырмасын орындау барысында 2020 жылы жеке тұрғын үй құрылысы арқылы 3774 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,9%."Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ-мен бірге салынып жатқан немесе құрылысы жоспарланған объектілерді мониторингі нәтижелері бойынша құрылыс салуға рұқсат берудің белгіленген тәртібін бұзған төрт нысан бойынша құжаттар жіберілді.Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңын бұзып орналасқан сыртқы көрнекі жарнама объектілерін анықтау үшін мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізілді. Нәтижесінде хабарламалар берілді (жарнама рұқсатсыз орналастырылған, жарнама жаңартылуға жатады) және жарнама берушілердің сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін бюджетке төлем енгізу үшін мемлекеттік кірістер басқармасына ай сайын есептер (жарнама объектілерінің тізімі) берілді.Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларының 5-параграфтың 33-тармағын орындау үшін ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау туралы сәулет бөлімімен келесі жұмыстар жүргізілді:- Тұрақты негізде шағын және орта бизнес нысандарының меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды таза және дұрыс жағдайда ұстау үшін тексеру жүргізілді және қасбеттер мен маңдайшаларды ретке келтіру және жаңарту қажеттігі туралы ескерту-хаттар берілді;- берілген ескертулердің нәтижелері бойынша қайта аралау жүргізілді және қасбеттер мен маңдайшаларды және жарнамалық объектілерді күтіп ұстау бойынша өз міндеттерін орындамаған меншік иелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Саран қаласының полиция бөліміне жіберілді.Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде шағын және орта бизнес нысандарының меншік иелері пайдаланылатын объектілерді тиісті жағдайда ұстау туралы ақпарат жарияланды.Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бүгінгі күні шағын және орта бизнес объектілерінің барлық меншік иелері қасбеттерін жөндеу жұмыстарын жүргізді, маңдайшалар мен жарнама объектілерін жаңартты. 2020 жылы қала тұрғындарының сәулет және қала құрылысының жалпы мәселелерімен 25 өтініші уақытында қаралды.Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар апта сайын: сәрсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін, жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. «Саран қаласының сәулет жәнеқала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Б. Акпаров