ӘМАТ: Шымкентте 10 әлеуметтік тауар арзандады

ӘМАТ: Шымкентте 10 әлеуметтік тауар арзандады

Жыл басынан Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін 10 тауар арзандады. 1 сорттағы бидай ұны 8,2 %-ға, қарақұмық жармасы 32,1%-ға , айран 6,1%-ға, сәбіз 7,0%-ға, пияз 4,5%-ға, қант 4,3%, күріш 3,3 % , қырыққабат 16,7% -ға арзандаған. Бағасы түскен тауарлар ішінде  рожки мен сүзбе де бар.                                                                                    

1 жыл ішінде Шымкент қаласы бойынша көшпелі мониторинг жүргізетін делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның 90 отырысы өттті. Сондай-ақ комиссия 2024 жылдың басынан бастап электрондық шот-фактураларды талдау жұмысын жүргізді. Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы  45өндіруші, 158көтерме саудагер, 2098 үй жанындағы дүкен және 16 сауда желісінің  электронды шот фактураларын алып, талдау жасады. Өңір кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, делдалдарды айналып өтіп, тікелей өндіруші мен жеткізушіден ӘМАТ сатып алу туралы ұсыным берілді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша 292 делдал жойылды.