
Өткен демалыс күндері Алматыда өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 2 000 тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңке қаланың 4 нүстесінде ұйымдастырылды. Онда 2 250 тонна азық-түлік өнімі шығарылса, алматылықтар оның 2080 тоннасын сатып алды.
Жәрмеңкеде 900 тоннаға жуық ет өнімі сатылды. Сиыр еті 2450,қой еті 2400, жылқы еті 2800 теңгеден саудаланды. Одан бөлек сүт – 230 теңгеден, қант – 370 теңгеден, бидай ұнының келісі 190 теңгеден, күнбағыс майы – 650 теңгеден, С1 санатындағы жұмыртқаның 10 данасы 520 теңгеден саудаланды.
«Бостандық ауданындағы жәрмеңке туралы айтар болсам, барлығы көңілімнен шығады. Барлығы тамаша. Өнімдер керемет, ГМО-сыз таза ауылшаруалық өнімдері. Әсіресе, сүт өнімдері керемет. Жағдай да баға да керемет», - деді жәрмеңкеге келген алматылық тұрғын.
Алматы қаласындағы жәрмеңкелер Гоголь-Масаншы көшелерінің қиылысы, «Қазақфильм» шағынауданында, Абай даңғылы-Өтеген батыр көшелерінің қиылысында және Меңдіқұлов-Бектұров көшелерінің қиылысында ұйымдастырылды.
Қалалық жәрмеңке осы мекенжай бойынша алдағы сенбі-жексенбі (28-29 желтоқсан) күндері де ұйымдастырылады.