Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы Азамат Каримовтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы қызметіне  Асхат Бейсенұлы Сағидолдин тағайындалды. Ол осыған дейін Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы қызметін атқарды.

Асхат Бейсенұлы 1979 жылы туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.

2000-2004 жылдар аралығында білім беру саласында қызмет еткен.

16.09.2004-24.11.2011 ШҚО, Өскемен қаласы ІІМ саласында еңбек еткен.

25.11.2011-24.02.2014 – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының құқыққорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.

24.02.2014 - 15.10.2015 - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы

16.10.2015 - 26.02.2017 - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құқық қорғау органдармен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы.

27.02.2017- 11.09.2017 - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты террорисзмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы.

12.09.2017 - 17.07.2018 - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты террорисзмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас инспекторы.

18.07.2018 - 27.04.2021 - Риддер қаласының әкімі аппаратының басшысы.

28.04.2021 - 24.07.2022 - «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.

01.09.2022 - 19.02.2023 - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Абай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

20.02.2023 - 13.12.2024 - Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.